Асқазан-ішекке арналған

Асқазан-ішек ауруларына арналған

фитошай

Бұл фитошай асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартуға және олардың функционалдық жағдайын қолдауға арналған.
Құрамындағы эфир майлары, шырыш, флавоноидтер, ащы және илік заттар биологиялық белсенді қосындылар ретінде пайдалы әсер береді.
Шай қабынуға қарсы, өт айдайтын, түйілуді басатын әсерге ие және тәбетті арттырады.

Құрамы:
салаубас гүлдері – 15 г, мыңжапырақ шөбі – 10 г, жалбыз жапырағы – 10 г, жаужапырақ (алтей) тамыры – 10 г, шайқурай шөбі – 5 г.

Дайындау тәсілі:
10 г (1–2 ас қасық) шикізатты эмальды ыдысқа салып, 200 мл (1 стакан) ыстық қайнаған су құяды.
Қақпағын жауып, су моншасында 30 минут ұстайды, содан кейін 10 минут салқындатып, сүзгіден өткізіп, қалған шикізатты сығып алады.
Тұнбаны қайнаған сумен 200 мл көлеміне дейін жеткізеді.
Дайын тұнбаны тоңазытқышта 2 тәуліктен артық сақтамаңыз.

Қолдану тәсілі:
Жылы күйінде 1/3 стаканнан күніне 2–3 рет, тамақтан 15 минут бұрын қабылдау ұсынылады.

Қарсы көрсетілімдер:
өнім компоненттеріне жеке төзімсіздік.