Фенхель

Фенхель

тұқымдары

Химиялық құрамы
Фенхель жемістерінің құрамында эфир майы (3–6,5%), майлы май, ақуызды заттар, кумарин умбеллиферон және флавоноидтер бар.
Эфир майының құрамына анетол, фенхон, метилхавикол, α-пинен, α-фелландрен, анис альдегиді, анис қышқылы және басқа қосылыстар кіреді.

Фармакологиялық қасиеттері
Фенхель препараттары қақырық түсіретін, түйілуді басатын, жел айдайтын және әлсіз несеп айдайтын қасиеттерге ие.
Олар ішек түйілуімен, метеоризммен және диспепсиямен жүретін асқазан-ішек жолдарының ауруларында, ішек ауырсынуларында, өт және несеп тас ауруларында, бронхит пен көкжөтелде, сүттің бөлінуі жеткіліксіз болғанда, ауыр етеккір кезінде және жыныстық дамудың баяулауында қолданылады.

Қарсы көрсетілімдер: өнімнің компоненттеріне жеке көтере алмаушылық жағдайында қабылдауға болмайды.