Барбарис

Бөріқарақат

жемістері

Бөріқарақаттың барлық бөлігінде дубильді заттар, эфир майлары және алкалоидтар бар: берберин (негізгі алкалоид), оксиберберин, пальматин, тетрагидропальматин, барбамин, оксианкантин, ятрорицин, колумбамин, магнофлорин, изотетрандин.
Жемістерінің құрамында алма, лимон, шарап сияқты органикалық қышқылдар, қанттар, пектин, аскорбин қышқылы, дубильді заттар, бояғыштар, флавоноидтар және фенолқышқылдар бар. Сонымен қатар жеміс пен жапырақ құрамында лютеин мен К дәрумені кездеседі.

Фармакологиялық қасиеттері:
Бөріқарақат негізіндегі препараттар тыныштандырғыш, қабынуға қарсы, өт айдайтын және несеп айдайтын әсерге ие.
Өт айдайтын құрал ретінде ол өт жолдарының дискинезиясы, гепатит, гепатохолецистит, асқынбаған сарғаю және несеп шығару жолдарының қабыну процестері кезінде қолданылады.

Дайындау тәсілі:
20 г (1 ас қасық) шикізатты эмальды ыдысқа салып, 200 мл (1 стакан) ыстық қайнаған су құйып, қақпағын жауып, су моншасында 30 минут ұстайды.
10 минут суытып, сүзгіден өткізіп, қалған шикізатты сығып алады.
Алынған тұнбаны қайнатқан сумен 200 мл көлемге дейін жеткізіп, тоңазытқышта 2 тәуліктен артық сақтамау керек.

Қолдану тәсілі:
1/4 стаканнан күніне 3–4 рет, тамақтан 30 минут бұрын қабылдау ұсынылады.

Құрамы: бөріқарақат жемістері – 50 г.

Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке төзімсіздік.