Боярышник

Долана

гүлдері

Химиялық құрамы
Долана гүлдерінің құрамында эфир майы (0,16%-ға дейін), дубильді заттар (9%-ға дейін), флавоноидтер (ацетилвитексин, витексин, гиперозид, кверцетин, пиннатифидин), органикалық қышқылдар (кофе, хлороген, урсол және олеанол қышқылдары), ацетилхолин, холин, сондай-ақ макро- және микроэлементтер бар.

Фармакологиялық қасиеттері
Өсімдіктің кардиотоникалық әсері, әсіресе шаршаған жүректе айқын байқалады. Жүрек бұлшықетінің жұмысын жақсарта отырып, долана препараттары оның мерзімінен бұрын шаршауының алдын алуға көмектеседі.
Долананың жемістері мен гүл шоғырының тұнбалары мен экстрактары коронарлық тамырларды және ми қан тамырларын таңдамалы түрде кеңейте отырып, спазмолитикалық әсер көрсетеді. Бұл қасиеттер өсімдік препараттарын миокард пен ми нейрондарын оттекпен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында бағытты қолдануға мүмкіндік береді.
Долана препараттарының спазмолитикалық әсері өсімдікте тритерпен қосылыстары мен флавоноидтердің болуымен байланысты. Осы заттардың болуы долана препараттарының гипотензивтік әсерін, веноздық қысым деңгейіне ықпалын және қан тамырлары жасушаларының функциясын жақсартуын да түсіндіреді.

Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.