Чистотел

Сүйелшөп

шөбі

Химиялық құрамы
Сүйелшөп құрамында шамамен 20 түрлі алкалоид бар. Өсімдіктің жер үсті бөлігінде алкалоидтар 1–2%, түбірінде – 2–4% құрайды.
Негізгі алкалоидтары: хелидонин, гомохелидонин, протопин, метоксихелидонин, сангвинарин, спартеин, хелилютин, хелеритрин және басқалар.
Сүйелшөп шөбінен сапониндер, флавоноидтер, органикалық қышқылдар (хелидон, алма, лимон, янтар қышқылдары), А дәрумені (каротин), аскорбин қышқылы және эфир майы анықталған.

Фармакологиялық қасиеттері
Сүйелшөптің негізгі қасиеті – жергілікті қабынуға қарсы (бактерицидтік) әсері. Қолданған кезде қышыну сезімі азаяды немесе толық жойылады, эрозияланған беттердің эпителизациясы жақсарады, зақымданған ошақтардағы тері инфильтрациясы төмендейді.

Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.