Кукуруза

Жүгері

шашақты бағаналары

Химиялық құрамы
Жүгерінің шашақты бағаналары сапониндерге (3,18%-ға дейін), илік заттарға, ащы гликозидтерге (1,5%-ға дейін), флавоноидтарға, алкалоидтарға, эфир майына (0,12%) және майлы майға (2,5%-ға дейін), стерелдерге (стигмастерол, ситостерол), К₁ витаминіне (1 г-да 1600 биологиялық бірлік), аскорбин және пантотен қышқылдарына, инозит спиртіне, микроэлементтерге және басқа қосылыстарға бай.

Фармакологиялық қасиеттері
Жүгерінің шашақты бағаналарынан жасалған препараттар өт айдайтын, несеп айдайтын, қан тоқтататын және гипогликемиялық қасиеттерге ие. Олар өттің бөлінуін күшейтіп, оның ағуын жақсартады, биохимиялық құрамын өзгертеді (тұтқырлығы, тығыздығы, билирубин мөлшері төмендейді).
Қан тоқтататын әсері бауырдағы протромбин түзілуіне әсер етуі арқылы және тромбоциттер санын арттыру қабілетіне негізделген.
Өт айдайтын құрал ретінде жүгері шашақты бағаналары өтке тас байлануында, гепатитте, холецистит пен холангитте қолданылады.
Қан тоқтатқыш ретінде — түрлі шығу текті геморрагиялық диатездер мен жатырдан қан кетулерде.
Сонымен қатар, бұл препараттар несеп-тас ауруында, жүрек қызметінің бұзылуына байланысты ісінулерде және семіздікті емдеуде жақсы нәтиже береді.

Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.