Қызылжидек

Қызылжидек

жапырақтары

Химиялық құрамы
Қызылжидек жапырақтарының құрамында фенолды гликозидтер – арбутин (9%-ға дейін), метиларбутин және мелампсорин, гидрохинон, дубильді заттар (10%-ға дейін), фенол қышқылдары, флавоноидтер, урсоль, шарап, хин, эллаг және галл қышқылдары және басқа да қосылыстар бар.

Фармакологиялық қасиеттері
Қызылжидек препараттары несеп айдататын қасиетке ие және қандағы қант деңгейін төмендетеді. Олар антисептикалық, тұтқыр, өт айдататын әсер көрсетеді, сондай-ақ тұздардың еруіне ықпал етеді.
Қызылжидек жапырақтарының тұнбасы немесе қайнатпасы бауыр ауруларында, пиелонефритте, циститте, несеп-тас ауруында, зәр шығару жүйесінің жедел және созылмалы қабынуларында, түнгі несеп ұстамауда, гастроэнтеритте, шірікті іш өтуде, метеоризмде, созылмалы іш қатуда, подаграда, остеохондрозда, қант диабетінің жеңіл түрлерінде, сондай-ақ ревматоидты және инфекциялық емес артриттерде қолданылады.
Акушерлік-гинекологиялық тәжірибеде қызылжидек жапырағының тұнбасын немесе қайнатпасын жүкті әйелдердегі ісінулер мен нефропатияда қолданады.

Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.