Қайың

Қайың

бүршіктері

Химиялық құрамы
Қайың бүршіктерінің құрамында сапониндер, эфир майы, дубильді заттар, шайырлар, аскорбин және никотин қышқылдары, флавоноидтер, каротин және гиперозид бар.

Фармакологиялық қасиеттері
Қайың бүршіктері несеп айдататын, өт айдататын, құрт түсіретін, түйілуді басатын, қабынуға қарсы, жара жазатын, зеңге қарсы және паразиттерге қарсы қасиеттерге ие. Олар зат алмасуды, ас қорыту жүйесінің қызметін және әйелдердің жыныстық гормондарының тепе-теңдігін реттеуге көмектеседі.
Қайың бүршіктерінің тұнбалары мен қайнатпаларын нефропатияда, өт-тас және несеп-тас ауруларында, асқазанның жоғары қышқылды гастритінде, асқазан және он екі елі ішектің жарасында, жүрек және бүйрек ісіктерінде, сондай-ақ подаграда қолданады.
Сонымен бірге, оларды бронхитте, трахеитте дезинфекциялаушы және қақырық түсіретін құрал ретінде пайдаланады.
Қайнатпа мен тұнба созылмалы диарея мен гельминттік инвазияларда (аскарида, острица) тиімді құрал болып саналады.

Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.