Қандышөп
тамырлары
Химиялық құрамыҚандышөптің тамырсабақтары мен тамырлары құрамында аралас типті, гидролизденетін таннидтер басым 20–23% дубильді заттар бар.
Сонымен қатар олардың құрамында бос галл және эллаг қышқылдары, 4%-ға дейін тритерпен сапониндері (негізгісі — сангвисорбин, гидролиз кезінде сангвисорбигенин және арабиноза түзеді), стериндер, бояғыш заттар және эфир майы кездеседі.
Қандышөп жапырақтары флавоноидтер мен аскорбин қышқылын қамтиды.
Фармакологиялық қасиеттері
Қандышөп дәрілік өсімдігі тұтқыр, қан тоқтататын, ішек перистальтикасын баяулататын, спазмолитикалық, ангиоспастикалық, дизентериялық және паратифоздық топ микроорганизмдеріне қарсы бактерицидтік әсер көрсетеді.
Жоғары мөлшердегі дубильді заттар өсімдік препараттарына тұтқыр, қабынуға қарсы, қан тоқтататын қасиет береді.
Қандышөп келесі жағдайларда қолданылады:
әртүрлі асқазан-ішек аурулары (энтероколит, уланудан болған іш өту және т.б.), гингивит пен стоматитте қабынуға қарсы құрал ретінде, бірқатар тері ауруларында, жатыр және геморрой кезінде болатын қан кетулерде қан тоқтатушы ретінде.
Халық медицинасында қандышөпті:
асқазаннан немесе өкпеден болатын қан кетуде, көп мөлшерлі етеккірде, іш өту, дизентерия, қан аралас ішек қабынуларында, аяқ веналарының қабынуында, ауыз қуысына жасалатын хирургиялық араласулардан кейін қан тоқтатуға және қабынуды басуға пайдаланады.
Қарсы көрсетілімдер: өнім компоненттеріне жеке көтере алмаушылық.